Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілерімен «Батыр бабалар ізімен» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, батырларды құрметтеуге және ел тарихын білуге тәрбиелеу.
Саяхат барысында балалар Мәңгілік алау ескерткішімен танысып, оның мәні мен маңызы туралы мағлұмат алды. Тәрбиешілер Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы әңгімелеп, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіруге бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізді.
Балалар ескерткіш маңында гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілер тарихи орындарға құрметпен қарауды, елін сүюді және бейбітшіліктің маңызын түсінді. Іс-шара балаларға ерекше әсер қалдырып, олардың патриоттық сезімдерін арттыра түсті.
Тәрбиешілері: Ж.Абуова, А.Төлеген
“Достығымыз жарасқан” атты концерттік бағдарламасы
Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 21 наурыз -Ынтымақ күні
Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Қазақстанда Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы көÐ...Туған жылы мен жері: 1978 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті 2004 ж; Бастауыш сынып мұғалімі;
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті-2018 ж.; "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие" мамандығы.
Біліктілік санаты: "Екінші санатты басшы", Педагог - сарапшы




